
Андрей Голубев жұптық сында Турин турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Италиядағы Турин челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.
Қазақстандық теннисші финалда жарыстың бірінші ракеткалары, америкалық Натаниэль Ламмонс - аустралиялық Джон Пирспен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық-украиналық жұп тартысты матчта қарсыластарын 7:6 (7:4), 6:7 (6:8), 10:5 е есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, Андрей Голубев жұптық сында биылғы маусымда алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов сербиялық Никола Качичпен бірге осы доданың жартылай финалынан аса алмады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
23.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі