Теннистен ӘЧ іріктеу: Қазақстан Жаңа Зеландияны ойсырата ұтты

08.05.2023    Оқылғаны: 727
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхиты аймағы бойынша өтіп жатқан Juniors Davis Cup әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдері Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен ұтты.

Жасөспірімдер командасы D тобында бастапқы кездесуінде Жаңа Зеландия құрамасымен шеберлік байқасты. Алдымен Заңғар Нұрланұлы 58 минутта Фин Уилманды тізе бүктірді – 6:0, 6:1.

Әмір Омарханов та қалыспай, Кай Милборнды 6:1, 6:2 есебімен ұтты. Содан кейін Әмір Дамир Жалғасбаймен бірге жұптық сында қарсыластарын қапы қалдырды – 6:3, 6:2.

Ертең, 9 мамыр күні қазақстандықтар Қытайлық Тайбэй командасымен кортқа шығады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер