Елордадағы халықаралық турнирдің іріктеу сайысында 5 қазақстандық теннисші ойнайды
Елордада өтетін ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 Women's» турнирінің іріктеу сайысында бес қазақстандық теннисші өнер көрсетеді.
Елімізде әйелдер арасында өтетін алғашқы ірі жарыстың жеребесі тартылды.
Жарысты ұйымдастырушылар іріктеу сатысында қазақстандық жас теннисшілерге арнайы шақырту (wild card) беріп отыр. Дана Байдәулет бастапқы кездесуін іріктеу сайыстарының бірінші ракеткасы, ресейлік Анастасия Гасановамен өткізеді. Жуырда ғана ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанған 14 жасар Ариана Гогулина Беларусь өкілі Юлия Готовкомен, Альбина Кәкенова ресейлік Ксения Ласкутовамен шеберлік таластырады. Мария Синицына мен Жанель Рүстемова ресейліктер Татьяна Прозорова, Екатерина Яшинамен кездеседі.
Матчтар 27 ақпан күні Ұлттық теннис орталығында Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.