Дэвис кубогы матчына қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды

05.01.2023    Оқылғаны: 932
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Дэвис кубогы іріктеу сайысында 4-5 ақпан күндері Чилимен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды.

Юрий Щукин бастаған бапкерлік құрам мына ойыншыларға тоқтады. Жекелей сында Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик, рейтингте сәйкесінше 143-ші және 195-орында тұрған Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин ел намысын қорғайды. Жұптық сында әлемнің 49-ракеткасы Андрей Голубев пен Александр Недовесов (55-орын) кортқа шығады.

Ойындар Ла-Серена қаласының топырақ төсенішіндегі корттарында болады. Матч жеңімпазы Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер