Диас Досқараев Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті болып тағайындалды

15.12.2022    Оқылғаны: 910
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін Қазақстан теннис федерациясында жылдың қорытынды кеңесі өтіп, ҚТФ вице-президенті сайланды. Сайлаушылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Диас Досқараев федерацияның вице-президенті қызметіне сайланды. 

Араға 3 жыл салып федерациядағы қызметіне қайта оралған Диас Досқараев бұған дейін Дэвис кубогы мен Билли Джин Кинг Кубогында ұлттық құрама команданың капитаны болған. Ол алты жыл бойы ұлттық құраманығ капитаны болды, 2016-2020 жылдары федерацияның вице-президенті қызметін атқарды. 2020 жылы оқуға кетуіне байланысты бұл қызметінен кеткен еді. 

Қазақстан теннис федерациясының экс-вице-президенті Юрий Польский Азия теннис федерациясындағы қызметін жалғастыра бермек. Ол халықаралық ұйымда вице-президент қызметін атқарады. Сондай-ақ, Қазақстан теннис федерациясы президентінің стратегиялық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі болады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер