Елена Рыбакина Алматыға келді

01.12.2022    Оқылғаны: 307
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Алматы қаласына келіп, жас теннисшілермен кездесті.


Спортшы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Уимблдондағы табысы, сондай-ақ жаңа маусымдағы ой-жоспарымен бөлісті.

- Уимблдондағы жеңіс – бұл менің орындалған арманым. Жыл басында өткен турнирлер оңайға соққан жоқ. Дегенмен жыл сәтті өтті. Ұпайлардың есепке алынбағаны өкінішті. Турнирдің ұпайларын есептемегені өкінішті, өйткені мен үздік 10-ға кіре алатын едім. Менің ендігі жоспарым үш «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жету. Сол мақсатарыма жету үшін барымды саламын.

- Жұптық сайыстарда өнер көрсетуге қалай қарайсың?

Жұптық сайыс – бұл қосымша жүктеме. Мен жұп сайыстарда ойнағанды ​​ұнатамын. Алайда мен жекелей жарыстарда өнер көрсетемін.

- Алматыда уақытыңызды қалай өткізесіз?

- Бір күнге келдім. Менің жұмыс кестем өте тығыз. Маған бұл жер өте ұнайды. Өте әдемі және жайлы. Алматыға жиі келгім келеді.

- Уимблдонда алған жүлденің бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсадыңыз ба?

- Жобалар өте көп. Біз жас теннисшілерге көмектесуді жоспарлап отырмыз.

Маусымалды дайындық қалай өтіп жатыр?

- Маусым алдындағы соңғы дайындыққа көңілім толады. Енді кемшіліктерді түзетуге кірісеміз. Бізде дайындалуға көп уақыт бар.

- БАӘ-де өтетін турнир жайлы айтсаңыз?

- Бұл қызықты жарыс. Ол әдеттегі форматпен өтпейді. Жақында мені Соболенко, Гарсияға қарсы ойнайтыным, сонымен қатар Зверевпен жұптық сайыста өнер көрсететінім белгілі болды. Дайындық ретінде бұл қызықты жарыс болады деп ойлаймын.

– Көктемде Қазақстан құрамасы Польшамен ойнайды. Қарсыласыңызға қандай баға берер едіңіз?

- Польша өте қиын қарсылас. Бұл командалық жарыс. Рейтинг аса маңызды емес. Әркім өзінің ең жақсы ойынын көрсете алады. Барымызды салу керекпіз. Біз өз алаңымызда ойнайтынымыз қуантады.

- Ең ыңғайсыз қарсыластарды атаңыз?

- Ондай бірнеше ойыншы бар. Мысалы, Онс Жабер мен Касаткина.

– Әлем чемпионатын көріп жүрсіз бе? Кімге жанкүйерлік етесіз.

- Менің футбол көруге уақытым жоқ. Жаттығу кезінде Хорватия матчының үзіндісін көрдім. Кім жеңетінін білмеймін. Бірнеше нұсқаны атсаңыз, мен солардың ішінен таңдаймын?

- Криштиану Роналду ма, әлде Лионель Месси ме? Португалия немесе Аргентина?

- Ммм. Месси. Аргентина.

Айта кетейік, Елена Рыбакина желтоқсан айының ортасында Әбу-Дабиде өтетін көрме-жарысқа қатысатынын, сосын Дубайда жаңа маусымға дайындалатынын жеткізді. Қазақстанның бірінші ракеткасының жаңа жылдағы алғашқы жарысы Аустралияның ашық чемпионаты болмақ.

Баспасөз мәслихатынан кейін теннис орталығының тәрбиеленушілері атақты спортшымен кортқа шықты. Елена балалармен бірге жаттығып, шеберліктерін арттыру бағытында ақыл-кеңесін айтып, сұрақтарына жауап берді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер