Гөзал Айнитдинова Kazzinc Open турнирінің екінші айналымына шықты

10.08.2022    Оқылғаны: 146
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Өскемен қаласында әйелдер арасында ITF World Tennis Tour W25 турнирі жалғасуда.

Қазақстандық Гөзал Айнитдинова алғашқы айналымда Израиль өкілі Коэн Сапирмен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен оңай жеңді. Айнитдинова ширек финалға шығу үшін отандасы, осы жарыстың 6-ракеткасы Жібек Құламбаевамен таласады.

Өскемен теннисінің жас жұлдыздары Татьяна Николенко мен 14 жастағы Мәлика Әмірғалиева екінші айналымға шыға алмады. Николенко ресейлік Екатерина Маклаковаға еш қарсылық көрсете алмады – 0:6, 0:6.

Мәликаның әлемдік рейтингте 1473-орында тұрған 21 жастағы ресейлік Арина Соломатинамен матчы тартысты өрбіді. Үш сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде ресейлік спортшы 3:6, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен Мәлика додада қалады, ол ертең ширек финалда жұптық кездесуін өткізеді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер