Анна Данилина Испаниядағы жарыстың жеңімпазы атанды

18.06.2022    Оқылғаны: 693
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Мадридте ITF W60 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Тихоновамен бірге финалда қытайлық Лу Цзя Цинь – жапониялық Ю Сяодимен бас жүлдені сарапқа салды. А.Данилина мен А.Тихонова бірінші партияда 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Екінші сетте де қазақстандық-ресейлік жұп шебер ойнады – 6:2. Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды. Осылайша, Анна Данилина өзінің спорттық жолында жұптық сында 26-ыншы титулына қол жеткізді. Соның 25-ін Халықаралық теннис федерациясы (ITF) аясында өткен жарыстарда жеңіп алса, біреуін биылғы қаңтарда бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге Сидней WTA 250 турнирінде олжалады.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер