Қазақстан теннис федерациясы әмбебап теннис рейтингін енгізді

16.06.2022    Оқылғаны: 1377
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстан теннис федерациясы теннис ойынына көп адам тарту мақсатында ITF-тің әлемдік теннис нөмірі (WTN) жаңа рейтингтік жүйесінің іске қосылуына атсалыспақ. Жаһандық теннис рейтингісінің жаңашыл жүйесі адамдардың жасына, жынысына, қабілетіне немесе тұрғылықты жеріне қарамастан, теннис ойнауына көбірек көңіл бөлуге бағытталған.
 
«Халықаралық теннис федерациясы (ITF) ойыншылардың қолдануға оңай әрі тегін рейтинг жүйесін жасады. WTN - бұл әуесқойлар үшін ғана емес, ең алдымен ұлттық рейтинг негізінде автоматты түрде халықаралық рейтингке ие болатын және WTN негізінде іріктеу арқылы шетелдегі турнирлерде ойнай алатын ойыншыларға арналған жүйе. Жүйе жекелей сын нөмірін және жұптық сынға нөмір ұсынып, ойыншыларды іріктеу үшін саланың жетекші технологиясын қолдана отырып, онымен бәсекелесу қабілеті ұқсас қарсылас табуға көмектеседі. ITF әлемдік теннис нөмірінің мақсаты - теннисті қолжетімді ету», - деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.
 
Қазақстан жаһандық рейтингтің аталған жаңа революциялық жүйесін іске қосқан елдер қатарына кірді; қазіргі уақытта WTN рейтингтік жүйесі АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Сингапур және басқа елдерде іске қосылған.
 
WTN - бұл:
 
- Нақты уақыт режимінде теннис ойнау дағдыларын өлшеуге арналған ITF-тің  жаңа рейтингтік жүйесі;
- Жер шарының кез келген нүктесінде теннис ойнау деңгейі ұқсас ойын қарсыласын табу тәсілі;
- Нақты нәтижелерге негізделген ойыншының теннистегі прогресін және өсуін бақылау құралы.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер