Андрей Голубев Мароккодағы турнирдің жартылай финалында
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Марракеш (Марокко) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші франциялық Фабрис Мартенмен бірге ширек финалда марокколықтар Ламин Уахаб – Эллиот Беншетримен шеберлік байқасты. Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Голубев пен Ф.Мартен қарсыластарын 6:3, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде олар 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдалана алды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
23.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі