Анна Данилина Sydney Tennis Classic турнирінің жартылай финалына өтті

13.01.2022    Оқылғаны: 45
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Сидней WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда ресейліктер Екатерина Александрова – Натела Дзаламидземен шеберлік байқасты. Бірінші партияда ресейлік жұп басымдылық танытты – 7:5. Екіншісінде Анна мен Беатрис дәл сондай есеппен есе қайырды – 7:5. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:8. Қазақстандық-бразилиялық жұп 1 сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында эйс жасамағанымен, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыластары 3 эйс, 3 брейкке (8 брейк-пойнт) қол жеткізді. А.Данилина мен Б.Хаддад Майя финалға шығу үшін осы жарыстың 2-ракеткалары, жапониялықтар Сюко Аояма – Ена Шибахарамен таласады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер