Юрий Польский Азия теннис федерациясының вице-президенті болып тағайындалды

12.01.2022    Оқылғаны: 57
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның Азиядағы теннистің дамуына қосқан үлесін мойындай отырып, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский Азия теннис федерациясының (ATF) вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлады ҚТФ баспасөз қызметі.

«Қазақстанда өткізілген халықаралық турнирлердің көптігі мен олардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуының негізінде мен Азия теннис федерациясының кәсіпқой теннис комитетінің төрағасы болып тағайындалдым, сонымен қатар қаржылық білімім болғандықтан, ATF қаржы комитетінің құрамына кірдім. Жоғарыда аталған міндеттерден басқа мен Орталық Азиядағы теннисті дамыту жөніндегі жұмыс тобының төрағасы боламын, бұл аймақ елдерінің одан әрі жақындасуы мен тығыз жұмыс жасауына септігін тигізеді деген ойдамын», - деді Польский.
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер