Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстан теннис федерациясы 2007 жылы Болат Өтемұратов оның президенті болған кезде жаңа дамуға қол жеткізді. 14 жыл ішінде еліміздің әрбір ірі қаласында теннис корттары мен орталықтарының құрылысы бойынша көп жұмыс атқарылды. Baby Tennis және «10 жасқа дейінгі теннис» жобалары ҚТФ-ның басым міндеттерінің біріне айналды, қазақстандық жаттықтырушылар кадрларын қарқынды даярлау жүріп жатыр. 2022 жылы Алматы және Түркістан қалаларында жаңа теннис орталықтары ашылады, ал 2022-2023 жылдары Тараз, Орал, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында жаңа теннис орталықтарының құрылысы жоспарланған.
Теннис қоғамдастығы атынан Болат Жәмитұлын құттықтаймыз! Алдағы уақытта да оптимизмді жоғалтпай, биік белестерді бағындырамыз деп сенеміз!

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.