Теннистен Дэвис кубогы: Кукушкин Қазақстан - Канада матчын жеңіспен бастады

28.11.2021    Оқылғаны: 239
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан - Канада матчы өтуде, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Алғашқы болып Қазақстаннан Михаил Кукушкин, Канададан Брейден Шнур шықты. Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық теннисші басымдылық танытты - 6:3. Екінші сетте тай-брейкте Шнурдың жолы болды - 7:6 (7:5). Үшінші, шешуші партияда әуелі канадалық спортшы брейк жасағанымен, Кукушкин алысқа ұзатқан жоқ. Ақыры матчты тағы бір брейкпен тәмамдады - 7:5. Тартысты өткен бәсеке үш сағатқа жуық уақытқа созылды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер