Қазақстан құрамасы Дэвис кубогына дайындықты аяқтады

26.11.2021    Оқылғаны: 212
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Біздің құрама Дэвис кубогы финалдық ойындарының топтық кезеңінде Швеция мен Канада ұлттық құрамаларымен ойнайды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
 
Еске сала кетейік, Мадридке капитан Юрий Щукин бастаған ойыншыларымыз Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Андрей Голубев және Александр Недовесовтер аттанып кеткен еді.

 
Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов та жігіттерді жеке қолдау үшін Испания астанасына ат басын тіреді.
 
Қазақстан құрамасының ойыншылары 2019 жылғы Дэвис кубогының финалистері - Канада командасын сенсациялық түрде 3:0 есебімен жеңген Швецияға қарсы ертеңгі ойынға тастүйін дайын.
 
Сондай-ақ, аталған құрама ойыншыларына спарринг-серіктес ретінде Тимофей Скатов және Бейбіт Жукаевтар да бірге жаттығады.

 
Еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик жеңіс үшін бәрін жасауға тырысатынын атап өтті.

«Біз басқа командаларға қарағанда ертерек келдік және жақсы жұмыс атқардық. Біз өз ойынымызды ойнауға және оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз. Не шығатынын көрейік. Дэвис кубогы теннис жанкүйерлерін қатты қызықтырады, өйткені олар мұнда белгілі бір ойыншы үшін емес, өз елінің командасы үшін жанкүйер болады. Турнир өзің үшін ойнайтын жеке матчтардан өзгеше. Мұнда өз елің үшін өнер көрсетесің және елің қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысасың», дейді Александр.

Қазақстандықтардың капитаны Юрий Щукин командалық турнирдің финалдық кезеңіне дайындық туралы әңгімеледі (фото).

«Швецияны 3-0 есебімен жеңуіміз керек екенін жақсы түсінеміз. Біздің командада тәжірибелі ойыншылар бар, олар бірнеше рет үздік теннисшілерді жеңе алатынын дәлелдеді. Жігіттер тұрақты өнер көрсетіп, жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенемін», деді Щукин
 
Матчтарды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Швеция және Канадаға қарсы матчтар 27 және 28 қарашада Нұр-Сұлтан уақытымен 15.00-де өтеді.
 
Суреттер Андрей Ударцевке тиесілі.
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер