Анна Данилина Дубайдағы турнирдің ширек финалына шықты

24.11.2021    Оқылғаны: 40
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Дубайдағы ITF W 100 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А.Данилина словакиялық Виктория Кузьмовамен бірге беташар ойындарында ресейліктер Оксана Селехметьева – Анастасия Гасановамен кездесті. Бірінші партияда Данилина мен Кузьмова үш брейктің нәтижесінде басымдылық танытты – 6:3. Екінші сетте қазақстандық-словакиялық жұп 2:4 есебімен ұтылып жатып, таразы басын теңестірді. Сосын 5:5 болған мезетте тағы бір брейк жасап, өз геймдерін де алды – 7:5. А.Данилина мен В.Кузьмова жартылай финалға шығу үшін түркиялық Берфу Ченгиз – Польша өкілі Вероника Фалковска немесе словакиялық Кристина Куцова – Рената Воракова жұптарының қай жеңгенімен таласады. Жекелей сында А.Данилина алғашқы айналымда А.Гасановаға есе жіберді – 1:6, 4:6.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер