Денис Евсеев Испаниядағы турнирдің ширек финалына өтті

13.10.2021    Оқылғаны: 164
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Денис Евсеев Испаниядағы Аликанте челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік рейтингте 406-орында тұрған Д.Евсеев екінші айналымда әлемнің 224-ракеткасы, өзбекстандық Денис Истоминмен күш сынасты. Бірінші партияда өзбекстандық теннисші 3:0 есебімен алға кеткенімен, Евсеев оны қуып жетіп қана қоймай, сәтті бітірді – 7:5. Екінші сетте де брейк жасаған Евсеев 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Д.Евсеев 14 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 брейкпен шектелді. Д.Евсеев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 138-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, германиялық Оскар Оттемен таласады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер