Astana Open: Анна Данилина тартысты матчта есе жіберді
Қазақстандық Анна Данилина Astana Open WTA 250 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Дүниежүзілік рейтингте 287-орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 62-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, франциялық Кристина Младеновичпен шеберлік байқасты. Бірінші партияда Младенович басымдылық танытты - 6:4. Екіншісінде Данилина тай-брейкте сәттірек ойнады - 7:6 (7:5). Үшінші, шешуші партияда жеңіс франциялық спортшының қанжығасында кетті - 6:4. Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта Данилина 2 эйс жасап, 16 брейк-пойнтттың тоғызын пайдаланды. Қарсыласы 11 брейкке (16 брейк-пойнт) қол жеткізді. Осылайша А.Данилина жекелей сында жарыс жолынан шығып қалды. Дегенмен ол жұптық сында доданы жалғастырады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.02.2025
ҚТФ баспасөз қызметі