Astana Open: Жібек Құламбаева екінші айналымға шыға алмады

27.09.2021    Оқылғаны: 1067
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Жібек Құламбаева Astana Open WTA 250 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші беташар кездесуін осы жарыстың екінші ракеткасы, бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен өткізді. Бірінші партияда бельгиялық спортшы 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Жібек қайыра брейк жасап, таразы басын теңестіріп қана қоймай, 4:3 есебімен алға шыққанымен, сол қарқынды жалғастыра алмады. Ақыры тәжірибелі қарсыласына 4:6 есебімен есе жіберді. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта 21 жастағы Құламбаева 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Бельгиялық теннисші 5 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Ж.Құламбаева енді Гөзал Айнитдиновамен бірге жұптық сында өнер көрсетеді. Нұр-Сұлтан додасында ертең Қазақстаннан жекелей сында Юлия Путинцева, Зарина Дияс және Анна Данилина кортқа шығады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер