Александр Бублик жартылай финалға сенімді қадам басты
Astana Open ATP 250 екінші ракеткасы және жергілікті теннис жанкүйерлерінің сүйікті ойыншысы саналатын Александр Бублик Карлос Табернерден 6/2, 6/4 прагматикалық жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Испаниялық теннисші барлық болжамдарға қарсы тұрып, аталған турнирдің ширек финалына шыға алды, жалпы ол хард жабындардан гөрі, топырақ жабында өзін судағы балықтай сезінетін. Соған қарамастан, ол да Қазақстан астанасында өте қиын екі қарсыласын жеңуге кедергі бола алмады, ол бірінші айналымда Рикардас Беранкисті -7:5, 6:4 есебімен жеңсе, кеше үш сағаттық триллерде Егор Герасимовты үште ұтты, есеп: 5:7, 7:6, 7:5.
Бублик бірінші сеттің төртінші геймінде бір брейк-пойнтты сәтті жүзеге асырып, сет тағдырын шешіп кетті. Екінші сетте Табернер допты артқы сызыққа қарай тереңнен бағыттап, ойынды шиеленістіруге тырысты. Қазақстандыққа мұндай ойынға бейімделу үшін біраз тер төгуге тура келді. Бублик жетінші геймде сенімді қимылдап, қарсыласыңың берген добына жауап қатып, ал келесіде есепті 5:3-ке жеткізді. Тоғызыншы геймде Табернердің мерейі үстем болса, келесі геймде Бублик өзінің доп беруі кезінде 17-эйспен жалпы ойынға нүкте қойды.
Александр Бублик финалға шығу Оңтүстік Корея өкілі Сун-Ву Квонды жеңуге тиіс.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
16.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
08.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
05.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі