Андрей Голубев пен Александр Недовесов Нұр-Сұлтандағы турнирдің ¼ финалына шықты
Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Astana Open ATP 250 турнирінде жұптық доданың бірінші тур ойындары басталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Үздік қазақстандық жұп аустралиялықтар Джеймс Дакворт пен Мэттью Эбденді 7:6 (9:7), 6:2 есебімен жеңді 1 сағат 21 минутқа созылған матчта біздің теннисшілер бірде-бір қосарланған қателік жасамады және мүмкін болған алты брейк-пойнттың екеуін жүзеге асырды. Андрей мен Александрдың ширек финалдағы қарсыластары француз Бенжамин Бонци мен монаколық Роман Арнеодо болмақ.
«Өз аренамызда ширек финалға шығу - үлкен жетістік. Әрине, Андрей екеуміз титул жеңіп алғымыз келеді. Көрермендердің кіруіне рұқсат етілгені жақсы болды. Жанкүйерлердің қолдауын сезінген біздер жеңіске жеттік. Ұйымдастырушылар мақтауға тұрарлықтай керемет жұмыс істеп, ойыншыларға тамаша жағдай жасады», - деді Недовесов.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
23.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі