Тимофей Скатов: «Мақсатым - турнирде мүмкіндігінше алға ілгерілеу»
Қазақстандық теннисші Италия өкілі Андреас Сеппиді сенімді түрде жеңгеннен кейін, ҚТФ баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап берді.
- Тимофей, жеңісіңмен құттықтаймын! Осындай қиын жеңістен алған әсеріңіз қандай?
- Әрине, өз алаңымда бірінші турда жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Матч өте қиын өтті, басында сәл қобалжығанмын, жүйкеге жүк түсе бастады, қателіктер де жібердім. Қарсыласым жақсы ойнады. Артынша өзімді қамшылап, қыспақты арттыра түстім және кері брейк жасадым. Содан кейін тайбрейкте жеңіске жеттім.
- Сізді әлі жұптық кездесу күтіп тұр, оған қалай қарайсыз?
- Біз әр матчқа тыңғылықты дайындаламыз, Дима Попкомен жұп құрайтынымызды білесіздер. Жеребе жолдас бола қоймады, қарсыластар бірінші електен өткен, бірақ бұл теннис, мұнда бәрі болуы мүмкін. Біз жақсы ойын көрсетуге тырысамыз, әрі қарай не болары жолымыздың болуына байланысты.
- «Челленджерлердегі» табысты сериялардан кейін сіз ATP турнирлерінің деңгейіне көтеріле бастадым деп ойлайсыз ба?
- Әрине, «Челленджерлердегі» матчтарда жеңіске жетіп, финалға шыққаннан өзіме деген сенім пайда болды, сонымен қатар бүгінгі жеңіске де қанаттанып алдым. Алда не болатынын болжағым келмейді, алаңда өзімді еркін сезінемін. Кез келген қарсыласпен ойнай алатынымды, ең бастысы керемет теннис көрсетіп, бар күшімді сала алатынымды білемін.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
21.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі