Евсеев Украинаның бірінші ракеткасын жеңіп, іріктеу финалына жақындай түсті

19.09.2021    Оқылғаны: 892
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Astana Open ATP 250 іріктеу кезеңінің бірінші айналымында украиналық Илья Марченконы екі сетте жеңді.

Өткен жылы Қазақстанның астанасында Денис Евсеев іріктеу турнирі аясында аустралиялық Марк Полманстан үш сетте ұтылған еді. Бұл жолы біздің теннисші мұқият дайындалыпты. Бірінші сетте партияны өз пайдасына алу үшін екі брейк жеткілікті болды, есеп: 6:4. Екінші сеттің басында Денис қарсыласының доп бергені кезінде үш брейкке ие болды, Марченко біріншісін өз пайдасына шеше алса, екіншісін Евсеев қанжығасына басып, есепте алға шықты. Келесі кезекте қарсыластар қателікке бой алдырған жоқ, ал қазақстандық сенімді түрде жеңіске жетті - сетте де, кездесуде де есеп 6: 4, 6: 4 болды. Турнирдің негізгі ұтыс ойынына жету үшін Денис австралиялық өткен жылы өзі жеңілген Марк Полманспен немесе итальяндық Джанмарко Моронимен ойнайды.

«Мен қатаң тактика ұстандым. Илья - өте тұрақты ойыншы, ол баппн ойнай бастаса оны тепе-тектік сақтауға жол бермеу керек. Мен оны артқы сызықта ұстап, оңға қарай жүгіруге жол бермедім, сөйтіп басымдықты қолыма алуым керек едң, артынша оң жақта өз әмірімді жүргіздім. Әдеттегідей біздің турнир жоғары деңгейде өтеді. Мен Қазақстан Теннис Федерациясының осындай жағдай жасағанына ризамын. Қазақстан теннисте әлемнен кенже қалған жоқ, жыл сайын жер шарының түкпір -түкпірінен мықты ойыншылар келіп, үздік теннис көрсетеді, ал ең бастысы, олар һз еліне қуанышпен оралады», - деді Денис Евсеев.
 
Astana Open ATP250 / WTA250 турнирлерінің бас демеушілері:
Kazzinc, ForteBank
Ресми серіктестер: The Ritz-Carlton Astana, Aqua Rossa, MasterCard, Technogym

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер