Аслан Қарацевтің өрлеуі, болашақ жұлдыз Филип Крайинович пен теннистегі әйгілі «сақалды» - Бенуа Пер

13.09.2021    Оқылғаны: 84
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
ҚТФ баспасөз қызметі алдағы Astana Open ATP 250 турнирінің қатысушыларымен таныстыруды жалғастыра бермек, Ендігі кезекті орыс, серб және франциялық теннисшілерге береміз.

Аслан Карацев мәнсабын 2009 жылы бастаған. Ол алғаш рет 2013 жылы ATP турнирінің негізгі кезеңінде ойнады, бірақ көпшіліктің назарын өткен жылдың күзінде ғана аударды. Содан кейін қатарынан үш «Челленджер» финалына шығып, екі рет жеңімпаз атанды. Нәтижесінде әлемдік рейтингте бір жарым ай ішінде 253-орыннан 117-орынға бір-ақ көтерілді, ал Ресейде төртінші орынға шықты. Оның қайығы желге өрлеген шағы 2021 жылы Австралияның ашық чемпионатына тап келген еді, Аслан іріктеу матчтарын қоса санағанда, қатарынан сегіз кездесуде жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Оны болашақ чемпион серб Новак Джокович күтіп тұрған еді. Ресейлік жеңіліс тапты. Карацев алғашқы ATP титулын биыл Дубайда (Dubai Duty Free Tennis Championships ATP 500) жеңіп алды.

Хорват тектес серб Филип Крайинович тенниспен кәсіби деңгейде 2008 жылдан бері айналысады. Ол ауыр жарақатына байланысты 2016 жылғы маусымның көп бөлігін өткізіп алды. Ал 2017 жылдың күзінде Париждегі «Мастерсте» Филип күтпеген жерден финалға шығып, америкалық Джек Соктан ұтылды. Содан кейін 2019 жылы Стокгольм мен Будапештегі ATP 250 сериялы турнирлерінің финалында, ал биыл Гамбургтегі шешуші ойында испаниялық Пабло Каррено Бустен ұтылды. Крайиновичтің айтуынша, ол Нұр-Сұлтанда өзінің алғашқы ATP титулына қол жеткізбекке ұмтылады.

Бенуа Пер Францияның Авиньон қаласында дүниеге келген. Қазір Женевада тұрады. Кәсіби мансабын 2007 жылы бастады. Ойыншының сүйікті соққысы бэкхенд болса, топырақ жабында жақсы ойнайды және Марат Сафинді балалық шақтағы кумирі санайды. Ол 2014 жылы тізесіне ауыр ота жасатты, ал бір жылдан кейін ATP аясында «Жылдың оралуы» сыйлығын алды. Пердің ең мақтанышы тұсы - сақал -мұрты, ересек тер арасында теннис ойнағалы сақалын қырмаған. Сақал оның символына айналған, ал жанкүйерлер Бенуаны сүйіспеншілікпен «сақалды» деп атайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер