Андрей Голубев жұптық сында Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты

01.07.2021    Оқылғаны: 1075
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

А.Голубев нидерландылық Робин Хасемен бірге алғашқы матчын бразилиялық Марсело Демолинер – мексикалық Сантьяго Гонсалеспен өткізді. Бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда М.Демолинер мен С.Гонсалестің жолы болды – 7:6 (8:6). Есесіне екінші және үшінші сетте А.Голубев пен Р.Хасе қос брейктің арқасында 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 10 минутқа созылды. Қазақстандық-нидерландылық жұп үшінші айналымға шығу үшін осы жарыстың 7-ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей – бразилиялық Бруно Соарес немесе америкалық Николас Монро – канадалық Вашек Поспишил жұптарының қай жеңгенімен таласады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер