Андрей Голубев жұптық рейтингіде әлемдегі үздік 40 теннисшінің қатарына енді

14.06.2021    Оқылғаны: 897
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Андрей Голубев Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (АТР) жаңартылған рейтингісінде жұптық сында 39-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бұл бірден 43 сатыға жоғарылаған А.Голубевтің спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші болып табылады. Бұған дейін А.Голубевтің үздік нәтижесі 2015 жылғы наурыздағы 65-орын болатын. Сонымен қатар өткен аптада Ролан Гаррос турнирінің финалына дейін жеткен Александр Бублик пен Андрей Голубев ATP-ның чемпиондық кестесінде 7-орынға шықты. Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы ең үздік көрсеткіш.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер