Бублик пен Голубев Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына шықты

08.06.2021    Оқылғаны: 809
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық жұп Франция ашық чемпионатының ширек финалында монаколық Хьюго Нис - германиялық Тим Пюцпен күш сынасты. А.Бублик пен А.Голубев матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 5:2. Бұдан кейін монаколық-германиялық жұп есепті қысқартқанымен, сет қазақстандықтардың еншісінде кетті – 6:4. Қазақстандық жұп екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры осы басымдылықты сақтап, кездесуді сәтті аяқтады – 6:4. Бәсеке 1 сағат 16 минутқа созылды.

Қазақстандық жұп финалға шығу үшін испаниялықтар Пабло Андухар – Педро Мартинеспен таласады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер