Бублик пен Голубев Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты

05.06.2021    Оқылғаны: 634
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық жұп үшінші айналымда Франция ашық чемпионатының 11-ракеткалары, нидерландылықтар Уэс Колхоф - Жан-Жюльен Ройермен кездесті. Бірінші партияда Бублик пен Голубев тай-брейкте айқын басымдылық көрсетті - 7:6 (7:2). Екінші сетте нидерландылықтар брейк жасап, соны сақтап қалды - 6:3. Үшінші, шешуші партияны қазақстандықтар брейкпен бастады - 2:0. Ақыры осы басымдылықты уысынан шығарған жоқ - 6:4. Тартысты бәсеке 2 сағат 10 минутқа созылды. А.Бублик пен А.Голубев «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шығу үшін монаколық Хьюго Нис - германиялық Тим Пюц немесе тағы бір монаколық Ромен Арнеодо - франциялық Бенуа Пэр жұптарының қай жеңгенімен таласады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер