Зарина Дияс Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты
Қазақстандық Зарина Дияс Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Дүниежүзілік рейтингте 93-орында тұрған З.Дияс алғашқы айналымда әлемнің 71-ракеткасы, ұлыбританиялық Хитер Уотсонмен кортқа шықты. Қарсыластар бұған дейін өзара екі мәрте кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен. Бірінші партияда Зарина басымдылық танытты – 6:4. Екінші сетте Х.Уотсон алға кетті – 3:1. Дегенмен қазақстандық теннисші таразы басын теңестіре білді – 4:4. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5. Тартысты бәсеке 1 сағат 53 минутқа созылды. З.Дияс екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенс немесе рейтингте 161-сатыдағы, негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған аустралиялық Сторм Сандерстің біреуімен шеберлік байқасады.
Франция ашық біріншілігінде ерлер сайысында Александр Бублик пен Михаил Кукушкин жарыс жолынан шығып қалды. Бублик жарыстың бас аренасы – Филипп Шатрие кортында әлемнің 2-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен күш сынасты. Қарсыластар бұған дейін бір рет кездесіп, онда Д.Медведев жеңіске жеткен еді. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта ресейлік спортшы сәттірек ойнай алды – 6:3, 6:3, 7:5. Бәсеке барысында А.Бублик сегіз эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана алды. Д.Медведев жеті брейкке қол жеткізді.

Кукушкин алғашқы айналымда әлемнің 46-ракеткасы, испаниялық Алехандро Давидович-Фокинамен кездесті. Испаниялық спортшы матч барысында өзінің топырақ төсенішінде жақсы ойнайтынын көрсете білді. Бастапқы екі партияда 6:4 есебімен басым түсті. Үшінші сетте есеп 3:3 болған мезетте брейк жасаған ол ойын тізгінін берген жоқ – 6:3. Бәсеке 2 сағатқа созылды.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.