Путинцева Чарльстон турнирінде Зарина Дияспен өзара кездеседі

..    Оқылғаны: 159
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық, әлемнің 31- ракеткасы Юлия Путинцева Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Осы жарыстың 11-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы кездесуін рейтингте 149-орында тұрған ұлыбританиялық Хэрриет Дартпен өткізді. Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8). Путинцева екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4. Тартысты бәсеке 2 сағаттан сәл астам уақытқа созылды. Ю.Путинцева екінші айналымда отандасы Зарина Дияспен шеберлік байқасады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина рейтингте 118-сатыдағы америкалық Кэти Макналлимен кездесті. Бірінші сет 4:6 есебімен қарсыласының пайдасына шешілгеннен кейін қазақстандық теннисші асқазаны ауырғанына байланысты, жарысты жалғастырудан бас тартты.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер