Зарина Дияс Майами мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады
Қазақстандық Зарина Дияс Майами WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған З.Дияс екінші айналымда әлемнің 12-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичпен кездесті. Бірінші партияда швейцариялық спортшы айқын басымдылық көрсетті - 6:2. Ол екінші сетте де қарқынын кеміткен жоқ - 6:1. Бәсеке 1 сағат 16 минутқа созылды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.