Михаил Кукушкин Майами турнирін жеңіспен бастады
Қазақстандық Михаил Кукушкин Майами ATP 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Әлемнің 105-ракеткасы М.Кукушкин бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 316-орында тұрған ұлыбританиялық Джек Дрэйпермен өткізді. Тартысты өткен бірінші партияда қазақстандық теннисші таразы басын өзіне аудара білді - 7:5. Бұдан кейін ұлыбританиялық спортшы 1 сағат 15 минутқа созылған бәсекені жалғастырудан бас тартты. М.Кукушкин жалпы жүлде қоры 3,64 млн АҚШ долларына бағаланған жарыстың екінші айналымында әлемнің 27-ракеткасы, ресейлік Аслан Карацевпен күш сынасады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.