Кукушкин жұптық сында екінші айналымға шықты
Қазақстандық Михаил Кукушкин жұптық сында литвалық Риакрдас Беранкиспен бірге Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық-литвалық жұп бастапқы кездесуін осы «Үлкен дулыға» турнирінде 11-ракетка болып тіркелген фин Хенри Континен – франциялық Эдуард Роже-Вассленмен өткізді. М.Кукушкин мен Р.Беранкис екі партияда қос бірдей брейк жасап, 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 37 минутқа созылды.
Қазақстандық-литвалық жұп екінші айналымда аустралиялықтар Джеймс Дакворт – Марк Полманс немесе сербиялық Никола Качич – даниялық Фредерик Нильсеннің қай жеңгенімен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.