Зарина Дияс Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақстандық Зарина Дияс Мельбурнда Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Дүниежүзілік рейтингте 81-орында тұрған З.Дияс алғашқы айналымда әлемнің 88-ракеткасы, словениялық Тамара Зиданшекпен кездесті. Бұдан бұрын қарсыластар өзара бір мәрте шеберлік байқасып, онда қазақстандық теннисші жеңіске жеткен еді. Бұл жолы да Дияс ойын тізгінін уысынан шығарған жоқ. Сөйтіп ол 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 22 минутқа созылды. З.Дияс екінші айналымда рейтингте 63-сатыдағы америкалық Бернарда Перамен күш сынасады. Ол кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, әлемнің 25-ракеткасы, германиялық Анжелика Керберді 6:0, 6:4 есебімен ұтты.
Тағы бір қазақстандық, Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова әлемнің 76-ракеткасы, италиялық Камила Джорджиге 3:6, 3:6 есебімен есе жіберді.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.