Зарина Дияс: "Турнирдің басталуын тағатсыздана күтіп жүрмін"

23.01.2021    Оқылғаны: 792
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Зарина Дияс Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне өзінің Australian Open-ге дайындығы туралы айтып берді. 
 

"Көпіршіктегі" карантин қалыпты түрде өтіп жатыр. Мен қатаң карантинде отырған ойыншылардың тізіміне кірмегеніме қуаныштымын. Кесте бойынша жаттыға аламын, бізді бекітілген кесте бойынша бірнеше сағатқа кортқа шығарады. Ашық Австралия чемпионатына дайындық өте жақсы, бәрі керемет, турнирдің басталуын дегбірсіздене күтіп жүрмін.
Мен 31.01. мен 06.02.2021 аралығында Australian Open алдында өтетін тағы бір турнирге қатысамын. Бірақ нақты қай жерде ойнайтынымды білмеймін (Gippsland Trophy немесе Yarra Valley Classic). Мен ойыншыларды осы турнирлерге қалай бөлетінін нақты түсінбедім, бәлкім жеребе немесе рейтинг бойынша болар".

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер