
Юлия Путинцева Токиода WTA 500 турнирінің екінші айналымына шығып, Елена Рыбакинамен кездеседі
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирді жеңіспен бастап, алғашқы айналымда Грекия өкілі Мария Саккариді жеңді.
WTA әлемдік рейтингінде 67-орында тұрған Путинцева іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, жарыстың негізгі торына жолдама алған болатын. Бірінші айналымда оның қарсыласы әлемнің 30-ракеткасы Мария Саккари болды.
2 сағат 28 минутқа созылған тартысты кездесуде қазақстандық теннисші алғашқы партияны 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші сетте қарсыласына 3:6 есебімен есе жібергенімен, шешуші партияда басымдықты өз қолына алып, 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Матч барысында Путинцева екі эйс жасап, бірде-бір қос қателікке жол берген жоқ. Сондай-ақ 16 брейк-пойнттың жетеуін сәтті жүзеге асырды.
Екінші айналымда қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі. Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаға қарсы кортқа шығады. Турнирде бірінші нөмірмен тіркелген Рыбакина жарысты бірден екінші айналымнан бастайды.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























