Анна Данилина Монтеррейдегі WTA 500 турнирін жеңіспен бастады

26.08.2026    Оқылғаны: 260
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің бірінші айналымында жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші жарыста жапониялық Мию Катомен жұптасып өнер көрсетуде. Турнирдің алғашқы айналымында олар қытайлық Чань И Тан мен мексикалық Рената Сарасуамен кездесті.

Матч екі сетке созылып, чемпиондық тай-брейкте Данилина мен Катоның жеңісімен аяқталды. Кездесудің қорытынды есебі — 4:6, 6:2, 10:6.

Теннисшілер кортта 1 сағат 24 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Анна мен оның жұптасы бір эйс жасап, бес қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Ширек финалда қазақстандық-жапониялық жұп ресейлік Мария Козырева мен ұлыбританиялық Майя Люмсденге қарсы ойнайды.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер