Анна Данилина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады

17.08.2026    Оқылғаны: 271
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы хард турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетуде. Олардың дуэті турнирде екінші нөмірмен тіркелген. Бірінші айналымда Данилина мен Крунич америкалық Энн Ли мен даниялық Клара Таусонға қарсы ойнады.

Кездесу екі сетке созылып, Данилина мен Круничтің 6:4, 6:2 есебімен жеңісімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 6 минут өткізді.

Осы уақыт ішінде Анна мен Александра бір эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Келесі айналымда Қазақстан-Сербия жұбы Сторм Хантер (Аустралия)/Дезире Кравчик (АҚШ) және Магали Кемпен (Бельгия)/Александра Панова жұптары арасындағы кездесудің жеңімпаздарымен ойнайды.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер