Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты

30.06.2026    Оқылғаны: 380
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші жарыстың алғашқы кезеңінде әлемнің 154-ракеткасы, франциялық Лоис Буассонмен кездесті.

Матч үш сетке созылып, Рыбакинаның 6:4, 1:6, 6:3 есебімен жеңісімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 49 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена алты эйс жасап, үш қос қателікке жол берді және 10 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.

Екінші айналымда Рыбакина румыниялық Елена-Габриэла Русе мен америкалық Кэти Макнелли арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер