Анна Данилина Лондондағы WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады

12.06.2026    Оқылғаны: 114
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы шөп төсенішіндегі турнирдің ширек финалында жеңіліс тапты.

Маусымдағы алғашқы шөп төсенішіндегі жарысына қатысып жатқан әлемнің жұптық сындағы алтыншы ракеткасы Анна Данилина бұл турнирде сербиялық теннисші Александра Круничпен жұп құрады. Англиядағы додада қазақстандық-сербиялық дуэт бірінші нөмірмен тіркелген болатын.

Ширек финалда олар словакиялық Тереза Михаликова мен Ұлыбритания өкілі Оливия Николлс жұбымен кездесті.

Екі сетке созылған матчта Данилина мен Крунич 4:6, 4:6 есебімен қарсыластарына жол берді.

Кездесу 1 сағат 25 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде Анна мен оның серіктесі бір эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және брейк-пойнтқа берілген үш мүмкіндіктің екеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, қазақстандық-сербиялық жұп Лондондағы турнирдегі өнерін ширек финал кезеңінде аяқтады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер