Анна Данилина мен Александра Крунич «Ролан Гаррос» турнирінің финалында есе жіберді
Қазақстандық теннисші Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич жұптық сында Франция ашық чемпионатының бас жүлдесінен бір қадам қалып тоқтады.
«Үлкен дулыға» турнирінің шешуші бәсекесінде жарыстың екінші нөмірлі дуэті болған Данилина мен Крунич рейтинг көшбасшылары – Катерина Синякова (Чехия) және Тэйлор Таунсендке (АҚШ) жол берді. 1 сағат 33 минутқа созылған кездесу 2:6, 5:7 есебімен аяқталды. Осы матчқа дейін теннисшілердің өзара кездесулерінде қазақстандық-сербиялық жұп алда тұрған еді (2:1), енді есеп теңесті.
Бұл Данилина мен Круничтің Париж корттарында қатарынан өткізген екінші финалы. Өткен жылы да бұл тандем «Ролан Гаррос» додасының шешуші матчында италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге есе жіберген болатын. Еске сала кетейік, Анна Данилинаның еншісінде аралас сындағы (микст) US Open-2023 турнирінің бас жүлдесі бар. Қазіргі таңда қазақстандық спортшы WTA жұптық рейтингінде алтыншы сатыда тұр.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.