Александр Бублик Женевадағы ATP 250 жарысының жартылай финалында
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Женевада (Швейцария) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда отандасымыз дүниежүзілік рейтингте 24-орында тұрған Франция өкілі Артур Риндеркнешпен кездесті. Тартысты өткен матчта Бублик үш сет қорытындысы бойынша 5:7, 6:4, 6:2 есебімен ерік-жігер танытып, жеңіске жетті. Осылайша, қос теннисшінің өзара кездесулеріндегі есеп теңесті – 2:2.
Корттағы текетірес 1 сағат 54 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 8 эйс жасап, 3 рет қос қателік жіберді және 6 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Жарыстың финалдық жолдамасы үшін Александр Бублик АҚШ өкілі Лёрнер Тьенмен (АТР рейтингінде 20-орын) шеберлік байқасады. Екінші жартылай финалда норвегиялық Каспер Рууд пен аргентиналық Мариано Навоне кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.