Madrid Open-2026: Путинцеваның жеңісті бастамасы және қазақстандық көшбасшылардың алғашқы қарсыластары
Мадридтегі «мыңдық» турнирдің қызуы арта түсті. Үздіктер өз матчтарына соңғы дайындықтарын пысықтап жатқанда, негізгі кестеде нағыз тартыс басталып кетті. Жарыстың алғашқы күндері қазақстандық жанкүйерлер үшін сәтті басталды: ел намысын қорғайтын спортшыларымыз алғашқы жеңістерін тіркеп, келесі кезеңдегі қарсыластарын анықтады.
Юлия Путинцева: алғашқы айналымдағы қиын жеңіс
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (WTA-80) турнирді чехиялық Тереза Валентоваға (WTA-51) қарсы ауыр матчпен бастады. Үш сетке созылған тартысты бәсеке 6:4, 4:6, 6:3 есебімен Юлияның пайдасына шешілді. Шешуші партияда қарсыласынан басым түскен Путинцева екінші айналымға өтті. Енді ол кортта украиналық Марта Костюкпен (WTA-23) кездеседі.
(1).png)
Анна Данилина: жұптық сынның көшбасшылары қатарында
Жұптық сында әлемнің үздік тенисішілерінің бірі саналатын Анна Данилина да жарыс жолына шығуға дайын. Анна Мадридте америкалық Эйжа Мухаммадпен бірге өнер көрсетеді. Олардың алғашқы қарсыластары – Улрикке Эйкери (Норвегия) және Кайла Глисон (АҚШ) жұбы.
.JPG)
Елена Рыбакина: басты фаворит мәртебесінде
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды. Турнирдің екінші нөмірлі ойыншысы ретінде ол алғашқы матчын румыниялық Елена-Габриэла Русеге (WTA-71) қарсы өткізеді. Статистика қазақстандық спортшының пайдасында: осыған дейін екі рет кездескен тенисшілердің бәсекесінде екі рет те Рыбакина жеңіске жеткен.
Ерлер арасындағы бәсеке: Бублик қарсыласын күтуде, Шевченко сынға түседі
Еліміздің ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик (ATP-11) Мадридте сегізінші нөмірмен өнер көрсетпек. Ол турнирді екінші айналымнан бастап, Стефанос Циципас (Грекия) – Патрик Кипсон (АҚШ) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
(1).png)
Ал Александр Шевченко (ATP-82) жарысты бірінші айналымнан бастайды. Жеңіс жолында оған жергілікті теннисші Хауме Мунар (ATP-53) қарсы тұрмақ. Өз жанкүйерлерінің алдында ойнайтын әрі грунт кортының шебері саналатын испандыққа қарсы матч Шевченко үшін үлкен сын болмақ.
Mutua Madrid Open – жыл сайын Испания астанасында әлемдік тенис жұлдыздарының басын қосатын ең маңызды грунт турнирлерінің бірі. Биылғы дода 20 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтеді. Бұл жарыс спортшылар үшін «Ролан Гаррос» алдындағы шешуші дайындық кезеңі болмақ.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.