Штутгарт WTA 500: Елена Рыбакина финалға сенімді түрде жолдама алды

18.04.2026    Оқылғаны: 261
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германиядағы беделді Штутгарт WTA 500 турнирінің шешуші сатысына шықты. Жартылай финалда жерлесіміз әлемнің 9-шы ракеткасы Мирра Андреевадан басым түсті.

Тартысты басталған алғашқы сетте Елена маңызды сәттерде салқынқандылық танытып, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші партияда Рыбакина кортта толық үстемдік құрды: оның жоғары шеберлігі мен тактикалық басымдығы қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Бұл сетте Елена небары бір геймде ғана есе жіберіп, ойынды 6:1 есебімен аяқтады.

Енді доданың бас жүлдесі үшін Елена Рыбакина чехиялық Каролина Муховамен (№12 WTA) кездеседі. Мухова бұған дейін Украина өкілі Элина Свитолинаны (4:6, 6:2, 4:6) жарыс жолынан шығарған болатын. 2024 жылғы Штутгарт чемпионы Елена Рыбакинаның өз табысын қайталауға тамаша мүмкіндігі бар.
 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер