Олимпиада және Паралимпиада чемпиондары теннистен Қазақстан құрамасына қолдау көрсетті
Астанада өтіп жатқан Billie Jean King Cup іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан мен Канада матчына мәртебелі қонақтар – танымал қазақстандық атлеттер Ербол Хамитов пен Михаил Шайдоров келді. Ұлттық теннис орталығының трибунасында чемпиондардың төбе көрсетуі отандық спорттағы бірлік пен ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналды.
Ербол Хамитов – соңғы Паралимпиада ойындарының алтын медаль иегері. Оның парашаңғы жарысындағы тарихи жеңісі оны әлемнің ең үздік атлеттерінің қатарына қосып, қазақстандық спорт жылнамасындағы маңызды белес болды.
Михаил Шайдоров – соңғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құраманың көшбасшысы ретінде Михаил төртжылдықтың басты додасында «алтын» иеленіп, өзінің жоғары шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қазақстан теннис федерациясы чемпиондарға әйелдер ұлттық құрамасына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреді. Мұндай деңгейдегі спортшылардың келуі турнирдің мәртебесін асқақтатып, теннисші қыздарымызды ел намысын абыроймен қорғауға жігерлендіреді.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.