Әпкелі-сіңлілі қазақстандық жас теннисшілер Франциядағы турнирдің финалисі атанды

18.03.2026    Оқылғаны: 593
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Халықаралық ITF Juniors J60 сериясындағы жасөспірімдер турнирі мәресіне жетті. Қазақстандық теннисшілер, әпкелі-сіңлілі Томирис пен Мариям Нұржан жұптық сында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті.
 
Шешуші матчта олар Анна Баен (Франция) және Камилле Силукайте (Литва) дуэтімен кездесті. Үш сағатқа созылған тартысты ойынның тағдыры чемпиондық тай-брейкте шешілді. Томирис пен Мариям қарсыластарына 5:7, 6:4, 8:10 есебімен есе жіберді.
 
Өкінішке қарай, үшінші партияда Мариям Нұржан жарақат алып қалды. Бұл жағдай қыздарымыздың ойынына кедергі келтіріп, олардың алғашқы ортақ титулды жеңіп алуына мүмкіндік бермеді.
 
Жеңіліске қарамастан, Томирис пен Мариямның бұл жетістігі олардың халықаралық деңгейдегі зор әлеуетін тағы бір мәрте растады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер