Анна Данилина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің финалында
Жекелей сынмен қатар, жұптық бәсекеде де жерлесіміз Анна Данилина тарих жазуда. Жартылай финалда ол Александра Круничпен бірге Букша / Меликар-Мартинес жұбын 6:3, 6:4 есебімен қапы қалдырды.
Бұл нәтиженің арқасында Данилина жұптық сындағы әлемдік рейтингте төртінші орынға көтеріледі. Бұл Аннаның жеке рекорды әрі отандық теннис тарихындағы ең биік белестердің бірі.
Енді алда бас жүлде үшін талас. Финалда Анна мен Александра Катерина Синякова (Чехия) және Тейлор Таунсенд (АҚШ) жұбымен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.