Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) турниріндегі жеңісті жолын сенімді жалғастыруда. Жарыстың төртінші айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы британдық Сонай Карталды (54 WTA) жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Бірінші сетте Елена басымдықты толық бақылауда ұстап, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда есеп 4:3 болып, Рыбакина алда тұрған сәтте, қарсыласы ойынды жалғастырудан бас тартты.
Енді ширек финалда Елена Рыбакина әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.