Индиан-Уэллс: Елена Рыбакина төртінші айналымға өтті

10.03.2026    Оқылғаны: 278
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Калифорнияда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Үшінші айналымда ол Марта Костюкті (Украина, 28 WTA) 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Рыбакина ойын барысында тұрақтылық танытып, 7 брейк-пойнттың 5-еуін сәтті пайдаланды. Қазақстандық теннисшінің еншісінде бір эйс пен екі қос қателік бар. Қазіргі спорттық бабы Еленаның бұл турнирдегі басты фавориттердің бірі екенін дәлелдейді.

«Мастерс» турнирінің ширек финалына шығу үшін Рыбакина әлемдік рейтингте 54-орында тұрған Ұлыбритания өкілі Сонай Карталмен кездеседі.
 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер