
Анна Данилина Дохадағы турнирдің ширек финалына шықты
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы әрі әлемдік рейтингтің 10-шы нөмірі Анна Данилина Катардағы WTA 1000 турнирін сәтті бастады.
Екінші айналымда Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Лейла Фернандес (Канада) — Кристина Младенович (Франция) дуэтіне қарсы ойнады. Тартысты өткен кездесу 6:2, 4:6, 10:4 есебімен қазақстандық-сербиялық жұптың жеңісімен аяқталды. Матч тағдыры шешуші супер-тай-брейкте шешіліп, Анна мен Александра қарсыластарынан басым түсті.
Енді Дохадағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін олар Австралия өкілдері — Сторм Хантер және Майя Джойнтпен кездеседі. Айта кетейік, Данилина мен Крунич жұбы биылғы маусымда жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп жүр: бұған дейін олар Australian Open турнирінің финалына дейін жеткен болатын.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

























